Cтудент жастар көшбасшыларымен кездесу өтті
13-ші желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде студент жастар көшбасшыларымен кездесуі өтті. Кездесуге Қарағанды Жоғарғы гуманитарлық колледж, Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-нің Тарих факультетінің, ҚарМТУ-нің студенттері қатысты. Кездесу барысында катысушыларға «Nur Otan» партиясының қазырғы таңда жасап жатқан жұмыс туралы айтылды.10 желтоқсаннан бастап «Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Оның құрамына өткен сайлауға тікелей қатысқан және мол тәжірибесі бар қала белсенділері, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтық қоғамның өкілдері кірді.Сонымен қатар, штабта жас буын арасында объективті және қол жетімді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге арналған жастар қанаты құрылды…