Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Биыл Кеңгірбай Жандосұлының 285 жылдығы

Биыл Кеңгірбай Жандосұлының 285 жылдығы. Кеңгірбай Жандосұлы (1735-1825) – Арғын руының ішіндегі Тобықтының атақты биі, ел басшысы, ұлы Абайдың 4-ші атасы.

Кеңгірбай Жандосұлы 1825 жылы Оңтүстік Қазақстандағы Кеңгір өзенінің бойында дүниеге келген. 17 жасында Абылай ханнан би атағын алған. Есімі елінің ұранына айналған. Тобықты жұртын Шыңғыстауға қоныстандырған адам. Сөзге шешен, ойға сұңғыла, көреген, қазақ халқының даналығын «Жеті жарғының» талабын жете меңгерген әрі берік ұстанған кемеңгер қайраткер.Ұлы Абай «Кеңгірбай би ел басшысы болмаса, Тобықты әркімге сіңіп, телім боп кетер еді» -деген екен. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Кеңгірбай туралы тарихи деректерде, естелік жырларда, дастандарда, шежіре жазбаларында көп айтылады. Абайдың Байкөкше ақынға жаздыртқан“Кеңгірбай би”дастанында да би өмірінен деректер молынан қамтылған. Сол сияқты “Абылай хан” тарихи дастанында:

“Кеңгірбай, Боранбай би ел үлгісі,

Ізбасты, Бұқар жырау сөз үлгісі.

Дұғагөй Шақшақ Жәнібектағы да бар,

Жан досы Абылайдың молда кісі”, - деп жазылған.Шәкерім,М.Әуезов, А.Құдайбердиев, С.Мұқанов, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин, т.б. көптеген белгілі ақын-жазушылардың шығармаларында Кеңгірбай тұлғасы жан-жақты сомдалған.

1996 ж. 22 тамызда Абай ауданында Кеңгірбай биге арналып үлкен ас берілді.Жидебайқорығында,Шидіңбойындағы билік төбе басынаҚұнанбай Өскенбайұлысалдырған (ХІХ ғасыр,1825)Кеңгірбай бикүмбезінің сырты бір жарым ғасыр өткеннен кейін, көпшілік кеңесімен, 1996 жылы жазда жаңадан қапталып, биіктігі 8, ені 4 метрлік зәулім кесене тұрғызылды. 1997 жылы Абай ауданы халқының қолдауымен ескерткіштің сырты ақ ұлытасымен қапталған. Кеңгірбай би мазары жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Абай ауданында Кеңгірбай би атындағы ауылдық округ бар.

0
0
117

Осы тақырып бойынша

Биыл Кеңгірбай Жандосұлының 285 жылдығы - Yvision.kz