Үштілділік – заман талабы
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні» - демекші, тіл – қай ұлтта болмасын ең бағалы, ең қастерлі құндылық. «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» - деп Ә.Тәжібаев жырлағандай, тіл – тұтас елдің тарихынан сыр шертетін, бүгініне негіз, келешегіне кепіл болатын басты құрал. Сондықтан, тілге аса құрметпен қараған жөн. Заман талабына сай еліміз үштілді білім беру жүйесіне көшті. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу мен бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеуде үштілділіктің маңызы зор екені хақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деген сөзінен еліміз үшін бұл бағыттың ықпалы көрініп-ақ тұр. Рас…