«Сенім мен сынаққа толы жыл болды»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың : «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР» атты «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбатымен танысып шығып, өзіме бірнеше ой түйдім. Бұл сұхбатында Мемлекет басшысы еліміздегі болып жатқан індеттен (пандемиядан) халықты аман-есен алып қалу жолдары қарастылып, жағдай жасалып жатқандығы туралы айтып, халықты сабырлыққа шақырып яғни," Кемедегінің жаны бір" демекші, аурудың адам талғамайтындығын, бәріміздің бір ауаны жұтып жатқандығымызды тілге тиек етіп, ауруды асқындырып алмауға үндеп отыр. Келесі бір, бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі мемлекеттік тіліміздің мәртебесі екендігі бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысы осы отыз жыл ішінде қазақ тілін дамытуға қатысты істелген істерді тілге тиек етіп, Елбасының да айтарлықтай үлесінің бар екендігін…