Дәрігерлер еңбекақысы 2,5 есе өседі
Талдықорған қалалық сайлау штабы төрағасының орынбасары Жайық Тазабекұлы мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмахан Молдакулов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесіп, аталмыш саладағы жаңалықтар мен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.Кездесу барысында алдағы жылдары медицина саласында атқарылар жоспарлар мен мақсат-міндеттер сөз болды. Ж.Тазабекұлы «Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі», – деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, барлық өңірде бұрын болмаған жүздеген заманауи ауруханалар мен емханалар салдық. Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбі…