ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар "Шымыр" ЖШС ұжымымен кездесіп қайтты
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар "Шымыр" ЖШС ұжымымен кездесіп қайтты. "Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырған үміткерлер: Дамир Дигай, Мақпал Тәжмағамбетова және Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Руслан Валишанов. Үгіт-насихат жұмыстары барысында ұжым жұмыскерлері медицина саласы, тұрғын үй мәселесі және газдандыру бойынша сұрақтар қойып, үміткерлер тарапыннан назарға алынды.
