Бүгін «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мұратұлы Даргужиев аудандағы білім, денсаулық, мәдениет саласының өкілдерімен және жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай құттықтау сөз сөйленіп, Елбасының еңбек жолынан естеліктер айтылды. Кездесуге қатысушы аудандық С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры, облыстық саяси кеңестің мүшесі А.Ойшыбаева барша партияластарды мерекемен құттықтап, Елбасының Егемен еліміздің болашағы үшін атқарған орасан зор еңбектеріне тоқталды. Сонымен қатар кездесуде «Сырым» бастауыш партия ұйымының төрайымы, денсаулық саласының ардагері К.Айташева, жас буынның атынан Ж.Альпеновалар партияластарды Тұңғыш Президент күніме…