Партия қатарына қабылдау өтті
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдау шарасы өтті. Салтанатты жиында филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев партиялық билеттерді табыс етті. Партияға жаңа мүшелікке қабылданғандардың атынан балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының үйірме жетекшісі, ауданымызды жас ақындарының бірі М.Жампозов партияластарды мерекемен құттықтап, өлең шумақтарын арнады. Шара барысында "Сырым" бастауыш партия ұйымының төрайымы К.Айташоваға аудандық филиал тарапынан зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты алғыс хат табыс етілді.
