Есіктен есікке
Сәния Лұқпанқызымен ауданымыздың білім саласында он жеті жылдай жұмыстас болып еңбек еттім. Бүгінде немере-жиендерінің сүйікті әжесі атанып, олардың қызығына бөленіп отырған Сәния апамыз бізді бұрынғыдай емен-жарқын, баладай аппақ көңілімен құшақ жая қарсы алды. Апамызға бүгінгі саясатты түсіндіріп жатудың өзі де артық, көкірегі ояу, көзі ашық, бүгінгі күннің барлық ақпараттарынан хабардар. Ұзақ жылдар мектеп басшысы болған Сәния Лұқпанқызымен қазіргі кездегі білім саласына қатысты кейбір мәселелерге тоқталып, партия тарапынан болашақта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын талқыладық. Сәния апамыз партияның бүгінгі таңдағы саясатын қолдайтындығын білдіре отырып, өзі тұратын Әбілқайырхан көшесіне қатысты бір-екі аманатын айтып, болашақта жұмыстануымды тапсырды. Өз кезегімізде "Білім…