Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен есікке

Татулықтарының арқасында түтіні түзу ұшқан Бұлдырты а/о қарасты Көгеріс ауылына ,,Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен барып Рахманқұлов М, Қыдырғалиева Р, Лұқпановтардың жанұяларымен кездесіп,түсіндіру жұмыстарымен қатар ұсыныс-тілектерін тыңдап қайттық.,,Айта,айта Алтайды,Жамал апам қартайды " дегендей бұл ауылдың басты мәселесі сапалы байланысқа қол жеткізе алмауында болып отыр.Самара-Шымкент күре жолынан таяқ тастам жерде тұрған ауылдағылар үшін үйде отырып ұялы телефонмен сөйлесу әзірше қол жетімсіз боп тұр?.Сонымен қатар ел болып асарлатып өз күштеріменен салып алған клубтарын аудандық Мәдениет бөлімі өз меншігіне алып ,тезірек іске қосып берсе дейді Көгерістіктер

2.Қоңыр ауылының тұрғыны,аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі,ардагер ұстаз Асан Жүсіпұлы ағамыздың шаңырағындағы әңгімеміз де негізгі тақырыптан көп ауытқи қоймады.Бар ғұмырларын шәкірттерінің бойына білім нәрімен сусындатуға арнаған ардақты ұстаздар жанұясы ауылға жоғары білімді дәрігер керек екендігін жеткізсе ,ауылдық клуб қызметкерлері (әріптестерім) ауылдағы Халықтық атағы бар би ұжымына бір штат пен сахналық киіммен көмектессе деді.

3.Тамдыдағы толықсыған апамыз Баян мен Асқар ағамыз(Жанғалиевтер) жанұясы ауылдастарына өз еңбектеріменен танылған жандар.Апамыз жыл бойы қорадағы малдарының күтімін жасап,солардан алған өнімдерін (құрт,май,қаймақ,айран,сүзбесін) дайындап,артылғанын қаладағы балаларына жөнелтіп отырса,Асқар ағамыз да ала жаздай шөп-жемін дайындап тыным таппайды екен.Әзірше ауылда жастарға жұмыс жоқ,біздер қалаға барғымыз келмейді ауылдың да тұрмыс жағдайы қаладағыдай болады еңбек еткен жандарға дегенді түсінгендей болдық әңгіме барысынан.

4.Жас кезінен-ақ трактордың құлағында ойнаған (т 75, к 700, беларусь) Тасболат ағай мен Сандуғаш (зейнеткер ұстаз) апай танымасақ та жылы шыраймен қарсы алды.Қалаға көшіп кетуге мүмкіндіктеріміз бола тұра ауылда тұрып қалғанымызға еш өкініш болған емес дейді бұл күнде ауылдың сыйлы қарияларына айналып үлгерген екеуі қосарлана күліп Өздері бес баланы дүниеге әкеліп (үш ұл,екі қыз) қосымша сәби кезінен ата-анасыз қалған екі жиендерін оқытып,қазіргі кезде екеуі де үздік студенттер екен(бірі Алматы,бірі Оралда) Екі ұлдары ауылда бірі қожалықта,бірі мал дәрігері еңбек етуде .Жалпы адамға алаңсыз еңбек ету үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған басты партиямызды қолдап дауыс беретінін айтқан аға-апамыз да ауылға жоғары білімді дәрігер,қыс қатты болған жылдары жол мәселесі қиын екенін ұсыныс ретінде айтып қалды.,,Жақсы адамның күніне бір үйі кеңиді " дегендей біз де Тамдылық ағайындармен танысқанымызға қуанышты екенімізді білдіріп қош айтыстық.

0
0
224

Осы тақырып бойынша

Есіктен есікке - Yvision.kz