Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Бақылау жұмыстары

Бүгін Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ш.Дүйсенғалиева, филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, аудандық мәслихат депутаты Ж.Кенжебаев Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Тоғанас ауылына баратын кіреберіс жолдың орташа жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. Нысанның басында мердігер «Айдана» ЖШС – ның директоры Армен Амирханян. Құны 741 млн.теңге. Бүгінде 7,5 шақырым жол асфальтталған. Ауыспалы тәртіппен жұмыстың қалған бөлігі биыл, нақтырақ айтсақ маусым айының соңына дейін аяқталмақ.

Аталмыш жоба "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына енгізілген болатын. Кіреберіс жолдың округ үшін де, аудан үшін де стратегиялық маңызы бар. Біріншіден тақтайдай трасса тұрғындардың өмір сапасын арттырады, екіншіден округті инвесторлар үшін тартымды етеді.

0
0
128

Көгеріс тұрғындарының аманаты орындалды.

"NurOtan "партиясының сайлау алды бағдарламасына сәйкесті Бұлдырты ауылдық округіне қарасты Көгеріс елді мекенінде жаңа әмбебап спорт алаң бой көтеріп, ауыл тұрғындарын үлкен қуанышқа кенелтуде , ауыл тұрғындарының жиындарында ұсыныс беріп ,сайлау алды үгіт насихат науқанында аман еткен болатын ,сол аманат орындалып, ауыл жастарының ,мектеп оқушыларының жазғы каникулын, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік жасалынып отыр,ауыл тұрғындарының қуанышы құтты болсын! Көгеріс ауылы іргесі сөгілмеген,қаймағы бұзылмаған, әлеуеті жоғары елді мекен. Аудан әкімдігіне,тез жуық арада сапалы салып,іске қосқан мердігерге алғысымыз шексіз!

0
0
211

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы

Бүгін партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Отырыста «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының партиялық мүшелік жарналардың уақытылы жинауын ұйымдастырудың І тоқсанындағы есебі, Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс барысы және Сырым колледжінің жатақханасына Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткізілген рейд қорытындысы туралы мәселелер қаралды. Комиссия отырысы барысында тыңдалған хабарламалар негізінде сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, шешім қабылданды. Алдағы уақытта ұсыныстарды орындау мақсатында тиісті мекемелерге хат ретінде жолданатын болады.

0
0
221

Филиал төрағасы қабылдау өткізді.

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі, филиал төрағасы Т.Төреғалиев аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында айтылған өтініштерге заңға сәйкес түсінік беріп, жұмыстану үшін тиісті мекемелерге жолдады.

0
0
147