Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы

Бүгін партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Отырыста «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының партиялық мүшелік жарналардың уақытылы жинауын ұйымдастырудың І тоқсанындағы есебі, Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс барысы және Сырым колледжінің жатақханасына Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткізілген рейд қорытындысы туралы мәселелер қаралды. Комиссия отырысы барысында тыңдалған хабарламалар негізінде сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, шешім қабылданды. Алдағы уақытта ұсыныстарды орындау мақсатында тиісті мекемелерге хат ретінде жолданатын болады.

0
0
222

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы - Yvision.kz