Оқушылармен кездесу

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
180
пікірлер
0
тіркелуші
9
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
180
пікірлер
0
тіркелуші
9
жазылымдар
0


Шал ақын аудандық сотында «Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысына Шал ақын аудандық сотының судьялары, прокуратура өкілдері және ауданның ішкі істер органдары қатысты.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты Жоғары Сот Кеңесі өкілдерінің келетіні туралы және оның барысында судья лауазымына үміткерлермен кездесу болатыны туралы хабарлайды.Солтүстік Қазақстанда қаржы полицейін өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізге сала кетейік, Жандос Ахметов өткен жылдың аяғында өз үйіне кіре берісте жалдамалы жендеттің қолынан қаза тапқан еді. Сот барысында айыпталушылар жауаптарын қанша ауыстырса да, судьяның соңғы сөзі өзін көп күттірген жоқ. 36 томнан тұратын іс 2 айда қаралып шықты. Бастапқыда күдіктілер Жандос Ахметовты бастығымен шатастырып өлтіріп алдық десе, кейіннен қылмысты ұйымдастырушы Джамалдиев жаңылмағанын айтып, тапсырыс ағасынан түскенін мәлімдеді. Айта кетейік, көптің көкейіндегі осы сұрақ бөлек қаралатын болады. Ал бүгін қандықол қаскөйлердің қылмыстары дәлелденіп, Джамалдиев 24 жылға, Ахметовты атқан Ковалев 22 жылға, ал қару-жараққа жауап берген Хукиев 5 жылға сотталды. Үшеуі де жазаларын қатаң тәртіптегі…

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 2014 жылдың 9 айындағы облыс соттарының сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Жиын облыстық сот, аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының қатысуымен өтті.

014 жылғы 15 қазандағы Петропавл қалалық сотының үкімімен Анатолий Иванович Демченко ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 177 бабының 2-бөлігі «а»-тармағы бойынша, алаяқтық жасауға оқталған, яғни адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша бөтен мүлiктi сенiмге қиянат жасау арқылы алу және ҚР ҚК-нің 325-бабының 2-бөлігі бойынша қолдан жасау, яғни адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша құқық беретiн ресми құжатты қолдан жасағаны және өткізгені үшін кінәлі деп танылды.

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың конференц-залында «Кәмелетке толмағандарға байланысты әкімшілік істер жөніндегі көкейкесті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.