Қазақстандағы Шағын және Орта бизнестің дамуына не кедергі?
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жеке сектордың пайда болуымен мемлекет өз міндеттерінің біршама бөлігінен бас тартты. Оған қоса ірі кәсіпорындар жекешелендірілді. Өзіндік негізде шағын және орта бизнесті (ШОБ) құру процесі басталды. Мемлекет негізінен ірі бизнеспен жұмыс жасады, шағын және орта кәсіпорындарға назар аудармады. Алайда ірі өндірістерге қарағанда, ШОБ бірқатар маңызды артықшылықтарға ие. Ірі бизнестермен салыстырғанда, шағын және орта бизнес өзгермелі нарықтық жағдайларға тез, әрі тиімді бейімделе алады. Сонымен қатар ол жоғары инвестициялық тиімділікті қамтамасыз етеді, нарықты тауарлар мен қызметтермен толтырады және барлық деңгейдегі бюджеттерге салық түсімдерін арттырады. Мемлекет үшін шағын және орта бизнес - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы.Шағын…