Мазмұнға өту
serikbai1953

Серікбай Смағұлұлы

@serikbai1953

Сайтта 2008 ж. 31 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

31

пікірлер

88

тіркелуші

14

жазылу

1

Менің тағы бір блогым жөнінде


Құрметті yvision.kz блоггерлері! Сіздердің назарларыңызға тағы бір өз блогымды ұсынамын. Мекен-жайы: http: //serikbais.blogspot.com/. Жалпы әрекет жасағанда кез-келген адамның ниеті позитивті болады. Бірақ ол дұрыс не бұрыс мінез-құлықта немесе социалды, не асоциалды болуы мүмкін. Өкінішке орай біз адамдардың ниетіне емес, оның мінез-құлқына назар аударамыз. Сол кезде түсінбестік туындайды. Әрбір адам бір кішкене әлем. Оны танып білу көп тер төгуді талап етеді.   

0
0
496

Коучинг туралы әфсана (кішкене әңгіме)

Бір адам теңіз жағалап келе жатқанда, алдынан толқынмен жағалауға шығып қалған миллиондаған теңіз жұлдыздарын көреді. Оны бір кішкентай қыз бір бірден теңізге қайтадан лақтырып жатыр екен. Адам оған: теңіз жұлыздары өте көп. Бәріне шамаң жете ме? деп сұрайды. Қыз болса, келесі теңіз жұлдызын теңізге қайтарып жатып: Мен дәл осы жұлдыздың тағдырын өзгертуге көп нәрсе жасадым депті. Демек коучинг маманының, ғылымының да көздегені осы. Бұларды жазып жатқаным, блог қолданушыларының өмір жаңалығы коучингтен де хабары болсын деген ізгі ниет. Блог бетінде қайта көріскенше!  

0
5
1946

Практикалық психология адамға несімен пайдалы?

Психология ілімінің сан түрлі бағыттарының бар екендігі белгілі. Мысалы оның, медициналық, педагогикалық, инженерлік, басқару және т.б. түрлері болады. Соның ішінде практикалық психология адамның өміріне ең жақын дүние. Бұл ілім арқылы адам өзін таниды, айналасындағылармен қарым-қатынас өнерін үйренеді, өмірде табысқа жету жолдарын ұғады. Егер блог қолданушыларының өмірде кездесетін түрлі проблемалары бойынша сауалдары болса, блог арқылы жауап беруге әзірлігімді білдіремін.

0
6
2696

Өзім және блог туралы

Құрметті менің блогымды қолданушылар! Мен Серікбай Смағұлұлы Қызылорда қаласында тұрамын. Облыстық наркологиялық орталықта дәрігер болып жұмыс істеймін. Облыс медицина қызметкерлеріне арнап "Сыр емшісі" атты медициналық газет шығарамын. Газет 1996 жылдан бастап жарық көріп келеді. Оған қоса қазақ тілінде практикалық психология және коучинг ілімімен айналысамын. Интернеттен қазақ тілінде жазатын психологиялық және есірткіге қарсы сйат немесе блог іздеп көрген едім. Таппадым. Мүмкін бар шығар. Мен бір жағынан дәрігер, екінші жағынан ҚР Журналистер Одағының мұшесі, журналист ретінде блогспоткомдағы "Серікбайдың жан тану блогына" қоса осы блогты да тіркеп отырмын. Алдағы кезде ҚҰдай жар болса, қазақ тілінде практикалық психология, коучинг және психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділіктің…