ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Өзім және блог туралы

Құрметті менің блогымды қолданушылар! Мен Серікбай Смағұлұлы Қызылорда қаласында тұрамын. Облыстық наркологиялық орталықта дәрігер болып жұмыс істеймін. Облыс медицина қызметкерлеріне арнап "Сыр емшісі" атты медициналық газет шығарамын. Газет 1996 жылдан бастап жарық көріп келеді. Оған қоса қазақ тілінде практикалық психология және коучинг ілімімен айналысамын. Интернеттен қазақ тілінде жазатын психологиялық және есірткіге қарсы сйат немесе блог іздеп көрген едім. Таппадым. Мүмкін бар шығар. Мен бір жағынан дәрігер, екінші жағынан ҚР Журналистер Одағының мұшесі, журналист ретінде блогспоткомдағы "Серікбайдың жан тану блогына" қоса осы блогты да тіркеп отырмын. Алдағы кезде ҚҰдай жар болса, қазақ тілінде практикалық психология, коучинг және психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділіктің алдын алу және медициналық тақырыптардағы материалдарды жариялау ойда бар. Көрсікенше сау болңыздар.