Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Ильхам Әлиев Қазақстанмен қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті

Әзербайжан Президенті Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысының тарихи мәніне тоқталды. Оның пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары мен Мемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы екі ел қарым-қатынасының алдағы күн тәртібін айқындайды. "Қазақстан мен Әзербайжан – бауырлас мемлекеттер. Халықтарымыз ғасырлар бойы тату, бауырлас ел ретінде ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Соңғы кездері біздің бір-бірімізге жасаған сапарымыздың жиіледі. Осыдан-ақ өзара қатынастардың қарқыны қаншалықты күшейе түскені айқын көрінеді. Біз Қазақстанның әр табысына қуанамыз. Сізді және бүкіл бауырлас Қазақстан халқын әлеуметтік-экономикалық және инновациялық даму жолындағы керемет жетістіктерімен құттықтағым келеді. Сонымен қатар біз екі елге ортақ жобалар туралы әңгімелестік. Мен Қарабақты қалпына ке…

0
0
315

Терешкованы туған күнімен ғарыштан құттықтады

Тұңғыш ғарышкер әйел Валентина Терешкованың жасы 90-ға таяп қалыпты.

Ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясынан әлемдегі тұңғыш ғарышкер әйел, Кеңес Одағының батыры Валентина Терешкованы 87 жасқа толуымен құттықтады деп хабарлайды ТАСС тілшісі. «Роскосмос» ғарышкерлер жасағының командирі – Олег Кононенко.

Валентина Терешкова 1937 жылы 6 наурызда Ресейдегі Ярославль облысының Большое Масленникова ауылыда дүниеге келген. Ол жас кезінде дөңгелек зауытында және техникалық маталар комбинатында істепті. Бір күні парашют спортына қызығушылық білдіреді де, содан тағдыры өзгереді. Ол 1963 жылы ғарышқа ұшқан.

0
0
312

Ішкі істер министрі Президентке құқық бұзушылыққа төзбеушілік туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов:елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді;ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады: – соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген; – ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған;құқық бұзушылықтың алдын алуға…

0
0
233

Шымкент тұрғындары лаңкестікті насихаттады деген күдікпен ұсталды

6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкенттің екі тұрғынын ұстады.

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде. Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді. ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
240

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті.

undefined

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген.

Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан. 

"Жол-көлік оқиғасы кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев. 

Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.

Қазіргі кезде олардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.

kaz.inform.kz

0
0
208

Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретіндегі қызметіне кірісті

undefined

"GGG Астана қаласы Қабанбай батыр 17 көшесінде орналасқан кеңседегі жұмысын бастады. Қазір тазалап, спортты бір жолға қоямын деп жанталасып жүр екен. Геннадий Генадиевичтің қолынан бұл келе ме? Қалай ойлайсыздар?", - деп жазды @bektuleuov

0
0
239

Бортында 550 адам бар ұшақты найзағай соқты

Ғаламторда бортында 550 жолаушы бар ұшақты найзағай соққанын көрсететін видео тарады.

undefined

Бұл видео CityNews –ке жарияланды. Оқиға Канадада болған.

Ванкувер халықаралық әуежайынан ұшып шыққан Boeing 777-300-ге  найзағай соғады.

Құдай сақтап, ұшаққа ештеңе болмаған. Ұшқыштың айтуынша, бұған найзағайға қарсы арнаулы жүйенің септігі тиіпті.  

0
0
236

Кішкендай Димаш гимнастикадан халықаралық турнирде бірнеше медаль ұтып алды

Гимнастикадан халықаралық турнир Дубайда өткен.

Онда 7 жасар қазақстандық Димаш Қанат 6 медаль ұтып алды. Оның екеуі – алтын, төртеуі – күміс.

Димаш гимназияның бірінші сыныбында оқиды. Ал 2023 жылдың қыркүйегінен Алматыдағы Мамандандырылған балалар және жасөспірімдер олимпиада резерві мектебіне барып жүр.

0
0
273

Прокуратура жалған екпе жасау деректерін анықтады

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.Осылайша, санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн.теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды. Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады. 4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіні…

0
0
220

СҚО-дағы кәсіпорыннан 45 келі сынап табылды

Солтүстік Қазақстан полициясы "Дәрмек" алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін аяқтады. Оның мақсаты есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталды болды. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 55 өнеркәсіптік және медициналық мекемені тексерді. Он үш нысанда фармацевтикалық қызмет ережелерінің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласының әртүрлі бұзушылықтар анықталды."Құрамында есірткі бар препараттарды сақтау мен пайдаланудың қатаң ережелері олардың "қара нарыққа" енуіне жол бермеу үшін қажет. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға қатысты 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 16 килограмм 720 грамм прекурсорлар, 1030 ампула және 120 психотроптық дәрілер, 394 есірткі заттарының ампулалары тәркіленді. Сондай-ақ,…

0
0
205