Қарағанды ақындары өзінің сүйікті қаласы жайлы
Жәлел ШАЛҚАРОВ 1986 жылы 10 қаңтарда Қарақалпақстан Автономиялық Республикасы Беруний ауданына қарасты Алғабас ауылында дүниеге келген. «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшесі. Өлеңдері 2011 «Өмірге келер әлі талай Қасым» жинағына, 2011 жылы «Қасымнан – ғасырға» атты аудио антологияға енген. 47 – автобус 47 – автобус Алға жылжиды Айналып өтіп Жыртық жамау қияқты. Жолы да құрғыр 47 – жыл Тозығы жетіп Өңдеу көрмеген сияқты. Жүргізуші ағай Қара көйлекті 47-жастар шамасы. Бетіндегі әжімі сөйлеп тұр, 47-көктем наласын. 47-адамын Мінгізіп алып Шаңға оранып келеді. 47-шахта Арқада қалып Өлең боп, мидан тебеді. Сол 47-мен мен де келемін Тамұқпен тылсым танысып. Қаз-қатар жырды тірілте беремін – 47-түрлі оймен алысып. 47 – автобус Алға жылжиды Айналып өтіп Жыртық жамау қияқты. Жолы да құрғыр 47 – жыл…