Қоғамдағы орнымды тапқым келеді...
Сәлеметсіздер ме, оқырман қауым!Бүгін жұмыс, мамандық, қызығушылық жайында сөз қозғамақпын. Мен тұрмыс құрғанмын, екі жарым жастағы балам бар. Жоғарғы оқуымды бітіре салып, бала тудым, екі жасқа дейін балама қарадым. 4 ай бір құрылыс компаниясында кадрлар бөлімінде мемлекеттік тілде іс жүргізуші болып жұмыс істедім. Еңбек ақысын уақтылы төлемеген соң, шығып кеттім. Негізгі мамандығым ағылшын тілінің мұғалімі, алайда мамандығым бойынша жұмыс істеуге зауқым жоқ. Енді қазіргі уақытта қандай салада жұмыс іздерімді білмеймін. Хабарландырулар бойынша "офис менеджер" орнына көптеген компанияларға сұхбаттасуға барамын.Бірақ еш нәтиже жоқ. Мүмкін жұмыс берушілер менің ондай жұмысқа деген талпынысым жоқ екенін сезетін шығар, немесе менің біліктілігім жеткіліксіз бе білмедім себебін...Аудармашы жұмы…