Артық қыламын деп тыртық қыламыз
Бүгін аздап ұлым ауырып, көңіл-күйіміз болмай тұр. Кішкентайлар ауырғанда көзің біраз затқa ашылады және көп ойлай бастаймыз. Солай отырып бір қызық мақалаға тап болдым. Сіздермен ой толғағым кеп тұрғаны. ⠀ Ата-аналар балдарына не бергісі келеді? Әрине, өзі алмаған білім, оқу, үздік мектеп, жоғарғы оқу орны. Яғни, жарқын болашақ сыйлағысы келеді. ⠀ Былай ойлап қарасаңыз, ойға қонымды дүние секілді. Бірақ шынайы өмірде қарама-қайшылық бақылаймыз. Өз тәжірибемде оны бақыладым. Соңғы ғылыми деректерге сүйенсек, мықты универ, престижді мектепте оқитын балалар көп қиындыққа, депрессияға, психологиялық дертке ұшырайды екен. Оның арғы жағы алкоголь, темекі, есірткі, анаша. Түсінікті болар. ⠀ Себебі жағдайы жақсы отбасыдан шыққан балалар, әрдайым ата-ана тарапынан, мектеп мұғалімі, әкімшілік, қоғ…