Махаббат мүшәйрасының сайты – mushaira.qazaquni.kz
Қателеспесем, екі-үш күн бұрын-ау деймін, Facebook-тан Аршаттың “Жас қазақ үні” газетінің 15 сәуірдегі “Ғашықтар күніне” байланысты мүшәйра жариялағаны туралы сілтемесін оқып қалдым. Қызықтым. Байқаудың талаптарын қарап шығып, блогымдағы “Поэзия-оттаулар” деген айдарда қалт-құлт етіп жүрген бірнеше өлеңімді жіберген болатынмын. Енді бүгін сол мүшәйраның сайты ашылыпты деген хабарламаны кезіктірдім. Ақсақал, Садық Шерімбек қарасақал құзырлы адамдар менің өлеңдерімді шығарып қойыпты. Соның арқасында, міне, көңіл-күй көтеріңкі. Халқым еңбегімді бағалап жатыр Біреуге болмаса біреуге ұнар. Ал http://mushaira.qazaquni.kz/ сайтына міндетті түрде кіруге рекомендеймін. Офис-офисте, аймақ-аймақта, жұмысбасты болып жүрсе де, әдемі сезімді ұмытпаған жандардың өлеңдерін оқи аласыз, жаңа шумақтарды түс…