Перейти к содержимому
priozersk.nurotan.kz

Филиал г. Приозерск

@priozersk.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 қыркүйекКазахстан, Караганда

Официальный филиал партии "Nur Otan"города Приозёрск Карагандинской области

рейтинг

250

жазбалар

120

пікірлер

0

тіркелуші

25

жазылымдар

19

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Баршаңыздың аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілейміз. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіміз бен сүйікті Отанымыз - Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін.

0
0
140

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара.

"Достық" БЖШ орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Приозерск қаласының әкімі Қайрат Қамзин ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қаламыздың дамуына үлес қосқан азаматтарды Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Көпбалалы отбасыларға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

В ЦДЮТ "Достык" состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню Независимости Республики Казахстан. В ходе мероприятия аким города Приозерск Кайрат Камзин поздравил с Днем Независимости РК и наградил Почетной грамотой и благодарственными письмами граждан, внесших вклад в развитие нашего города. Многодетным семьям вручили ключи от 3-х комнатных квартир.

0
0
157

Тәуелсіздік күнімен құттықтау.

Құрметті Приозерск қаласының тұрғындары!Сіздерді ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, егемен еліміздің Ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік сан тарихты бастан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында бүгінге жеткен Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ. Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің жиырма тоғыз жылда аяғынан тік тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы Елбасымыздың салиқалы саясаты мен ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесі.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын! Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!Уважаемые жители города…

0
0
190

Қоғамдық қабылдау

2020 жылдың 15 желтоқсанында "Nur Otan" партиясының Приозерск қалалық филиалында Приозерск қалалық маслихатының депутаттығына үміткер Дүйсембаев Дулат Орынбасарұлы қалалық сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қоғамдық қабылдауға қаламыздың 5 тұрғыны, сонымен қатар партияның сенімді өкілі қатысты.

Қоғамдық қабылдау барысында “Nur Oran” партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес денсаулық саласы бойынша, тұрғын-үй мәселелері, қаланының дамуына жоспарланған іс шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

📷Баршаңызды еліміздегі жетекші партия – «NUR OTAN» партиясына 2021 жылы 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

📷БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойына орай,"Бәрі есімізде" атты акциясы.

Бүгін Приозерск қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойына орай, "Бәрі есімізде" атты акция жалғасын тапты.

📷Акция аясында Приозерск қалалық "Jas Otan" жастар қанатының еріктілері қала тұрғындарына еліміздің ұлттық тарихының маңызды оқиғалары, атаулы күндері көрсетілген буклеттер таратты.

📷Акция тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырды, өйткені әр адам үшін өз мемлекетінің тарихи кезеңдерін білу өте маңызды!

📷Әсіресе, бұл акция өз елінің болашағын құратын, оның даңқты беттерінің шежіресін жалғастыратын жас ұрпақ үшін маңызды болып табылады!

📷Акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады!

#Бәріесімізде

#Мывсепомним

0
0
130

"Nur Otan" партиясы Приозерск қалалық филиалы сайлауалды штабының ашылу презентациясы

11 желтоқсанда "Nur Otan" партиясы Приозерск қалалық филиалында сайлауалды штабының ашылу презентациясы өтті. Ашылуына қалалық мәслихат депутаттығының үміткерлері және штаб мүшелері қатысты. Іс-шараны «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық сайлауалды штабының төрағасы Д.О. Дүйсембаев ашып, жиналғандарға тағы да 2021 жылы 10 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетіндігін еске салып, барлығын азаматтық борышын өтеуге және 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

0
0
133

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында өткізілген семинар.

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында фракция мүшесі Мондыбаева Г.К. және "Айналайын" бөбекжайының директоры "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы семинар өткізді.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беру бойынша және денсаулық саласы бойынша жасалып жатқан іс шаралар туралы талқылады.

0
0
161

Политсовет мүшелерінің қала спортшыларымен кездесуі.

"Nur Otan" партиясы Приозерск қалалық филалының конференц залында Политсовет мүшелері қала спортшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қаламыздың спорт саласындағы өзгерістері мен жоспарларын талқылады.

0
0
189