"Nur Otan" партиясы Приозерск қалалық филиалы сайлауалды штабының ашылу презентациясы
11 желтоқсанда "Nur Otan" партиясы Приозерск қалалық филиалында сайлауалды штабының ашылу презентациясы өтті. Ашылуына қалалық мәслихат депутаттығының үміткерлері және штаб мүшелері қатысты. Іс-шараны «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық сайлауалды штабының төрағасы Д.О. Дүйсембаев ашып, жиналғандарға тағы да 2021 жылы 10 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетіндігін еске салып, барлығын азаматтық борышын өтеуге және 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келуге шақырды.
