Онлайн-ғылыми-танымдық дәріс өткізілді.
Мәдениет және өнер салаларының өкілдеріне, жастарға Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн-ғылыми-танымдық дәріс өткізілді. Қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік өзінің бай тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың арасында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет қызметкерлері бар. Абай Құнанбаев қазақ халқы үшін ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде өшпес із қалдырды. Оның поэзиясы мен прозасында ұлттық болмыс, өмір, дүниетаным, мінез, жан, сенім, тіл, дәстүр мен халықтың рухы көрініс тапты. Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған. Абайдың идеялары әрқашан бәрімізге рухани азық бола алады. Сондықтан ұлтты модернизация…