Жаяу жүргіншілер өткелдері жақсы жарықтандырылуы тиіс
Жаяу жүргіншілер өткелдері жақсы жарықтандырылуы тиіс: Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Игорь Веретнов көлік жүретін бөлікті жарықтандыру мәселесін шешуге шақырды. Тәуелсіздік күні «NUR OTAN» партиясынан кандидаттар «Таксомотор» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Игорь Веретнов өз сөзінде павлодарлық көлік қызметкерлерін толғандыратын мәселелерді атап өтуге тырысты. Депутаттыққа кандидат Павлодарда жөндеу жұмыстары жиі жүйесіз жүргізілетіндігімен келісті, бұл тасымалдаушылар мен қала тұрғындарына қолайсыздық тудырады. Бұл мәселені бақылауға алуға уәде берді. - Қазірде бізде қаланың солтүстік бөлігіндегі өндіріс пен тұрғын үй секторын дамыту жұмыстарының проблемалары бар. Әсіресе асығыс уақытта. Бұған назар аудару керек. Қаланың оңтүстік бөлігінде «Достық» ірі шағын ауданы…