Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болашақ педагогтар «NUR OTAN» партиясының қатарына қосылды

Болашақ педагогтар «NUR OTAN» партиясының қатарына қосылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында партбилеттер Екатерина Тихоноваға және Бағдатжан Жүсіпке тапсырылды. Екатерина 21 жаста. Ол Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің төртінші курс студенті, болашақ математика мұғалімі. - Мен үш тілде сабақ беремін, - дейді Екатерина. - Қазір бізде барлық бейіндік пәндер қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мен практиканы НЗМ-де өттім. Олардан жұмыс туралы ұсыныс келіп түсті. Университетті тәмамдағаннан соң олар мені штатқа қабылдауға дайын. Қазір Екатерина білім алуда және репетиторлық қызметпен айналысады. Бірінші курстан бастап ол ерікті студент ретінде партиялық іс-шараларға қатысады. Адамдармен жұмыс жасағанды ұнатады. Жүсіп Бағдатжан биыл магистратураға түсті, екі шет тілін біледі. - Мен ПМПУ түлегімін. Қазір магистратурада оқимын, сонымен қатар біздің университетте – әлеуметтік мәселелер бөлімінде жұмыс істеймін. Жатақханада, студенттер үйінде тұратын студенттермен тікелей жұмыс істеймін, - дейді Бағдатжан Жүсіп. – Менің жұмысым – білім алушылардың белсенді студенттік өмірінің болуында. Өзім бірнеше жыл «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырған шараларға қатыстым. Қазір «NUR OTAN» партиясының қатарына қосылып, партияның жұмысын іштей көргім келеді. Магистратураны тәмамдағаннан соң Бағдатжан Жүсіп оқытушы мамандығы бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Екатерина мен Бағдатжан партбилеттерін аумақтық сайлауалды штаб жетекшісі Айгүл Маликова табыстады. ____________ Будущие педагоги вступили в партию «NUR OTAN». Накануне Дня Независимости партбилеты вручили Екатерине Тихоновой и Багдатжану Жусупу. Екатерине 21 год. Она студентка четвертого курса Павлодарского государственного педагогического университета, будущий преподаватель математики. - Буду преподавать на трех языках, - рассказывает Екатерина. - Сейчас у нас все профильные предметы ведутся на казахском и английском языках. Практику я проходила в НИШ. От них уже поступило предложение о работе. Они готовы взять меня в штат, когда я закончу университет. Сейчас Екатерина учится и занимается репетиторством. Начиная с первого курса, она как студент-волонтер участвует в партийных мероприятиях.Любит работать с людьми.

Жусуп Багдатжан в этом году поступил в магистратуру, знает два иностранных языка.

- Я выпускник ПГПУ. Сейчас учусь в магистратуре, паралельно паралллельно работаю в нашем же университете – в отделе по социальным вопросам. Работаю непосредственно со студентами, живущими в общежитиях, Домах студентах, - говорит Багдатжан Жусуп. – Моя работа заключается в том, чтобы у учащихся была активная студенческая жизнь. Сам я несколько лет участвовал в мероприятях, организованных молодежным крылом «Jas Otan». Сейчас хочу вступить в «NUR OTAN» и увидеть работу партии изнутри.

Окончив магистратуру Багдатжан Жусуп планирует работать по специальности - преподавателем. Партбилеты Екатерина и Багдатжан получили из рук руководителя территориального предвыборного штаба Айгуль Маликовой.

Осы тақырып бойынша