Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Ресейде президент сайлауының соңғы нәтижелері шығып жатыр

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы хаттамалардың 99,01%-ын реттеп шыққан.

Фото: TASS

Бұл – Мәскеу уақыты бойынша сағат 6:04-тегі жағдай.

Сөйтіп, президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Владимир Путин – 87,33%, Николай Харитонов – 4,31%, Леонид Слуцкий – 3,19%, Владислав Даванков – 3,79%.

Айта кетейік, Ресейде президент сайлауы 15-17 наурыз аралығында үш күн бойы өтті.

0
0
244

Алматы облысында алапат өрт болды

Алматы обысындағы Еңбекшіқазақ ауданыда қойма өртенді.

Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында қойманың жануда. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін көрші тұрғын үйге көшу қаупі бар майлықтар шығаратын цех пен қойманың жануы орын алғаны анықталды. Өрт сағат 11-01-де оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жеке құрамнан 60-қа жуық адам және 20-ға жуық техника жұмылдыруда.

Видеоны мына жерден көруге болады.

t.me/qr_tjm

0
0
235

Абай облысында 4 адам жол апатынан құтқарылды

Абай облысында 4 адам құтқарылды.
Ағымдағы жылдың 16-17 наурызына қараған түні "Семеновка" ТМҚП-қа Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында көлік аударылып, зардап шеккен 4 адам көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Медицина қызметкерлері келгеннен кейін ақпарат расталды.
ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

t.me/qr_tjm

0
0
263

ТЖМ хостелдерді жаппай тексеріп жатыр

Маңғыстау облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына хостелдерден жоспардан тыс тексеруді жалғастыруда.

Бүгінгі таңда инспекторлық құраммен 8 хостел тексеріліп, 50-ден астам бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық 8 хостел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сот шешімімен 2 хостелдің қызметі тоқтатылды.  ТЖМ азаматтар мен кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. t.me/qr_tjm

0
0
322

Еуропарламент Ресейдегі сайлауға бақылаушыларын жібермей қойды

Еуропарламенттегілер бірде-бір депутатқа Ресейдегі және Украинаның жаулап алынған жерлеріндегі президент сайлауына қатысуға өкілдік бермегенін мәлімдеді.

Ресейде үшкүндік дауыс беру бүгін басталды. Бұл елдің тұрғындары алдағы алты жылға басшысын сайлауы керек.

Президенттікке 4 кандидат бар. Олар – қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин, «ЛДПР» партиясының, Мемлекеттік думада фракция жетекшісі Леонид Слуцкий, Мемлекеттік дума вице-спикері Владислав Даванков және төменгі палатадағы РФПК-дан депутат Николай Харитонов.

0
0
245

Алматы облысында 12 мыңнан астам шетелдік тіркелген үйлер анықталды

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдіктерді тіркеген 278 үйді анықтады.Бұл үйлердің ішінде тұрғын немесе жоқ мекен-жайлар болды.Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген.Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сондай-ақ, мемлекеттік қазынаға үш мың заңсыз көшіп келушілердің 79 млн.теңге салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келушілер және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келушілер шығарылмаған.Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасын 600-ден астам бұзушылықты анықтап, 17 көші-қон полиция қызм…

0
0
232

Президент Қауышу күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады.

– Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.


t.me/aqorda_resmi

0
0
238

Елде Наурыз мейрамы басталды

Ұлыстың ұлы күні енді 10 күн тойланады
undefined
Республика бойынша барлығы 10 мыңнан астам мәдени іс-шара өтеді. Ал мерекенің логотипі ретінде «қызғалдақ» гүлі таңдалды.

Наурызнама онкүндігі мынадай:

🔅14 наурыз Көрісу күні – Амал мерекесі
🔅15 наурыз «Қайырымдылық күні»
🔅16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні
🔅17 наурыз «Шаңырақ күні»
🔅18 наурыз - «Ұлттық киім» күні
🔅19 наурыз – «Жаңару» күні
🔅20 наурыз «Ұлттық» спорт күні
🔅21 наурыз «Ынтымақ» күні
🔅22 наурыз – «Жыл басы»
🔅23 наурыз – «Тазару күні»

@qazaqstantv

0
0
217

Министр сүйінші жаңалық жариялады

Еліміздің цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркісібі министрі Бағдат Мусин сүйінші жаңалық жариялады.Сүйінші жаңалық!⠀Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында мен Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылаған едім.⠀Ал бүгін мен сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам.⠀Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар…

0
0
230