Таныстық үшін...
Сәлем. Мені оқып отырғандарыңызға рақмет! Дәл қазір осы бір сөздерді оқу арқылы сіздер сиқырландыңыздар. Иә, кешірім өтінем, бірақ қазіргі түлкі заманда қандай да бір "маркетингтік машық" пайдаланбасаң бәсекеге қабілетсіз боп қалуың ықтимал. Сондықтан, сіздің әдемі басыңызды әзірге көп қатырмай, танысқаныма қуаныштымын дегім келеді, менің потенциалды тұрақты оқырманым! Өзім жайлы: әзірге арманшыл бойжеткен. Дегенмен, бұл бастама мен үшін өте маңызды! Болашақтағы нық қадамдарым үшін жасалып жатқан, анығырақ, себіліп жатқан ұрық дәндерінің бірі. Өтірік сөзге әуес емеспін, ешкімге ештеңені дәлелдеуді қажет деп санамаймын, ойыммен бөліскім келеді. Бәлкім, сіз секілді "тәжірибелі, ақылды, табыстыларға" жарытып айта алатыным болмағанмен, өзім секілді бойында сенімнен үрейі көп, арманы асқақ, ал…