Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы 150 мың АҚШ доллары ақшалай сыйақыға ие болады
Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы чемпион белбеу мен алтын «Тайтұяққа» және 150 мың АҚШ доллары ақшалай сыйақыға ие болады 29 маусым Астана күні қарсаңында Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне қазақ күресінен «Қазақстан барысы» бірегей жобасының төртнінші маусымының ақтық сайысы өтеді. «Қазақстан барысы» алғаш рет Астанада сыйымдылығы 4000 адамдық «Дәулет» спорт кешенінде өткізілген. Кейіннен спорт додасына қызығушылық артқандықтан ұйымдастырушылар екінші рет «Қазақстан барысы» турнирін сыйымдылығы 9200 адамға шақ «Сарыарқа» ресупбликалық велотрегінде өткізуге мәжбүр болды. Жобаның ауқымы үшінші ретінде де ойдан шықты. Қазақстанның әр аумағынан 9 мыңнан астам көрермен өз аймағының балуандарын қолдауға жиналды. Сонымен қатар тікелей телекөрсетілім…