Хиджаб киген қазақ қыздары дінге қалай келгендерін айтты
Әсел Болатқызы, жуналист: "Хиджабтың кемшілігі жоқ деп есептеймін. Дегенмен осыған дейін спорттық үлгіде киініп жүрген маған белдемшеге үйренісу қиын болды. Ал қазір шалбар кие алмайтындай үйреніп кеттім", - деген Әсел алғашында көпшілік орындарда өзіне түскен назардың жағымды бола қоймағанын айтады. "Хиджабты киген соң ортаның қабылдауы қиын. Басқа планетадан ұшып келген адам сияқты қарайды (күліп). Әсіресе, совет заманындағы кәрі кісілер солай қабылдайды", - дейді орамалды қыз. Хиджаб мемлекеттік мекемелерде стандартты киім үлгісі саналмағандықтан орамалды қыздарды жұмысқа алмайтыны жасырын емес. Болатқызының пікірінше кәсібіңнің маманы болсаң, ешқандай кедерегі жоқ. "Мемлекеттік орындарда қабылдамаса да, жеке кәсіп орындарда өз қабілетің мен қарымыңды көрсете алсаң, хиджаб кигеніңе қар…