Біржан мен Сара айтысы-тарихта мәңгі қалған айтыс
Қазіргі таңда айтыстың өз дәмін жоғалтқанын байқаймыз. Жаттап алынған сөздер, алдын ала дайындалған көрініс. Ертеректе қалай болды? Айтыстың оттай жанған кезі қандай еді? Сол отты жандырған Біржан мен Сара айтыстарының астын сызып өтпесек болмайды. Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің тарихында қалған ерекше айтыстардың бірі. Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өткен айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде болды. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Айтыстан үзінді: Біржан: Қызы екен Тастанбектің ақын Сара Бәйгеден күнде келген жалғыз қара. Қыз да болса адамның жүйрігі екен, Көрмедік сөзді адамды жеке-дара. Қызы екен ақын Сара Тастанбектің, Жақыны найман Т…