Ақтөбе облысында өткен аптаның соңынан киіктердің қырылуы тіркелмеген
Қостанай және Ақтөбе облыстарында киіктердің бетпақдала популяциясының жаппай қырылу салдарын жою жұмыстары жалғастырылуда. Соңғы мәлімет бойынша, Қостанай облысында шамамен 81 970 ұша жойылды. Жангелді ауданында штаб құрылып, Комиссия қызмет етуде. Қостанай облысының аумағы киіктердің бетпақдала популяциясының төлдеу орны болып табылады. Өлген дарақ киіктерден барлық жануарларға ортақ пастереллез ауруының анықталуына байланысты 2015 жылдың 22 мамырынан бастап Қостанай облысының Амангелді ауданы Үрпек ауылдық мекені аумағында ветеринарлық-санитарлық шектеулер енгізілді. Киіктердің бетпақдала популяциясының қырылу фактісі тіркелген «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватында жағдай тұрақтанды. 22 мамырдағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында 3092 дарақ киік өлді. ҚР АШМ Орман шаруашылығы ж…
