Өткеннің өзекті мәселесі жер дауы ма?
Тамыры терең қазақ халқының ес жиғалы көрген тауқыметі аз емес. Бітпейтін дау-жанжалдар, жаугершілік соғыстар мен шешімі жоқ мәселелер. Тарихқа көз жүгіртсек күн тәртібінен түспеген өзекті де, басты мәселе жер дауы екенін аңғара аламыз. Сөзге арқау етіп жазбамда «Қазақ» газетінде 1915 жылы 8 қазанда «Жер дауы» атымен жарық көрген мақалаға сілтеме жасамақшымын. «Бортаң» бүркеншік атымен газетке жазба қалдырған Хайретдин Болғанбай нендей тақырыптарды көтере алды? Алаш қайраткерлері қазақ халқының бастан кешкен ауыр күндеріне көңілі толмай, бар жан айқайларын газет бетіне жаңалық қып, жариялап отырған. Дәл осындай кезекті газет санында көптің аузынан түспей, шешімі табылмай жатқан жер мәселесі жайлы сөз қозғалды. Қазақ жеріне ағыла келген мұжықтардың бөлінісіне түскен жер өзіміздің қара халы…