Төстіктің қателігі
О, Жак Деррида сіз менің уақытымды алдыңыз!1- НиетОл ақылды емес, ол бақытты емес, ол атақты емес, ол бай емес, ол өжет емес, ол соқыр емес және болатын.Ол: Менің ағаларым қайда?Анасының көзі: 32- жылдары олардың сүйектерін ит мүжіп жатқанын көргем.Ол: Өтірік.Анасының құлағы: 45- жылдары оларды құтырған бомбаның дауысы жұтып қойғанын естігем.Ол: Өтірік.Анасының мұрыны: 86-жылдары жерге сіңген олардың қаңсық қандарының иісін сезгем.Ол: Өтірік.Анасының қасы: Олар өлген жоқ.Ол: Сіз мені алдап келдіңіз, енді мен сізді жақсы көрмеймін.2- НиетКомпанияның ең астыңғы жасырын кеңістігінде орналасқан бұл бөлменің есігін тек ол мен оның бастығы ғана білетін. Сағат түнгі 3:42. Ол үшін күн мен түннің соншалықты айырмашылығы мен маңыздылығы жоқ еді. Тек уақыт ғана бар. Бірнеше компьютер қатар тұрған он…