Не көрдім?
Қазіргі адамдар қандай өзі?! Бүгін бір оқиғаға куә болдым. Басында құлақпен естіп, кейін көзбен көрдім. Бұрында кабинетте отырып, коридордағы әйел адам мен ер адамның айқайын 1-2 рет естігенім бар. Таңдандым да қойдым. Таңданғаным, әйел адамдардың емес, ер адамның әйел адаммен ұрысқанынан. Бүгін «бұл кімдер екен» деп жәйлап сыртқа шығып келмекші боп, айқай-шу жаққа барып, көз тастап келдім. Сөйтсем жастары келіп қалған еден жуатын апай мен мұғалім ағай ұрсысып жатыр екен. Кәдімгідей біріне бірі «кет бар» деп айғайлауда. Өзге әйел мұғалімдер араша түсіп, басу айтып жатыр. Тіпті сол үшін ерлер дәретханасына кіріп кетті, себебі оқиға сожақта өрбіген болатын. Себебін нақты білмедім, сірә, темекі тартуға байланысты шығар. Студенттер бұл заңға бағынғанмен, ұстаздарға бұл заң қатысты емес сияқты…