«Әрекет түбі — берекет» немесе «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы ой
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші бүгінде жұмыс істеп, жанын баққысы келген адамға атқарар іс жетерлік. Бірақ салағасай мамандығың, білігің мен біліміңнің де қажет екендігі сөзсіз. Иә, елімізде жұмыс бар, деген мен білікті маманның жоқ екендігі шындық. Сондықтан да Үкімет бірнеше жылдан бері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын әзірлеп, жұмыссыздардың білімі мен біліктілігін арттырып, еліміздегі бұл көрсеткішті барынша қысқартуға тырысып-ақ келеді. Жұмыссыздық елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттер де кезкелген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық болып ажыра…