Үгіт-насихат науқаны – маңызды кезең
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады.«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Осы орайда 19 желтоқсан облыстық мәслихат депутатына үміткер Киікбай Ешманов пен Ақтау қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Ерген Сыражанов және Мұратбек Досжанов сайлаушылардың үйлеріне арнайы барды.«Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке дара әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергіл…











