Аудан спортшыларымен кездесуі өтті.
Кездесуде О.Қазақбаев сөз алып, жиынға қатысушыларға сайлаудың еліміз үшін мән-маңызын кеңінен түсіндіріп өтті. Өз сөзінде ол партияның жеткен жетістіктері мен қоғам үшін атқарған маңызды жұмыстарын баяндап, алдағы уақытта да осы қарқынмен халық қамы үшін аянбай еңбек ете беретінін айтты.
Сондай-ақ спортшыларымыздың жетістігімен мақтанатынын және олардың алда бұдан да жақсы жетістікке жету жолында партияның аянып қалмайтынын айтты. Сайлауалды бағдарламада қамтылған мәселелер қазіргі таңда еліміз үшін атқарылуы керек ең өзекті жұмыстар екенін жиналғандарға тарқата айтып берді.
Шара соңында штаб мүшелері кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ алдағы сайлауда жұмған жұдырықтай бірлік танытып дауыс беруге шақырды.

