Перейти к содержимому
mangystau.nurotan.kz

Филиал Манг. области

@mangystau.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

747

пікірлер

0

тіркелуші

51

жазылымдар

7

Табысты әйелдер

Әйелдерді өкілдік етуші органдарға ұсыну үшін «Nur Otan» өзінің партиялық қатарына кем дегенде 30% әйелдерді қосады. Атқарушы, өкілді, сот органдары басшылығындағы және квазимемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесі 30%-ке дейін ұлғаяды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бизнесті қолдау бағдарламаларының шеңберінде жеңілдікпен кредиттер және гранттар беру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру орталықтары ашылады. Өңірлер, қалалар мен аудандар бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтерге, түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік шегінде гендерлік қажеттіліктер мен сұраныстар картасы әзірленеді. Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстар тізімін жою үшін заңдарға өзгерістер ұсынылады.

0
0
191

Отбасы бақуаттылығы

Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады. Біз отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеміз. Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізіледі. Осы мақсатқа 3 триллионнан астам теңге бөлінеді. Экономиканың өсу сапасының негізгі көрсеткіші ретінде қазақстандықтардың табысы мен өмір сүру деңгейінің артуы қарастырылады. Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарын табысы жоғары қандай құралдарға салу керегін өзі шешетін болады. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау процестері цифрландырылады, азаматтың цифрлық «әлеуметтік әмияны…

0
0
210

Елбасы басшылығымен өткен жол: Қазақстанның басты 10 жетістігі

Бірінші – Қазақстанның айналасына «тату көршілік белдеуі» түзілді. Әлем бізді бұрын танымайтын. Шекарамыз шегенделмеген еді, бұл еліміздің аумақтық тұтастығына тікелей қауіп төндірді. Алғаш рет біз еліміздің құрлықтағы 13,4 мың шақырым және судағы 2,3 мың шақырым шекарасын халықаралық келісімдермен бекіттік. Бұл басқа мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуға, шетелдік инвестицияларды тартуға негіз болды. Олардың көлемі 350 млрд. доллардан асты. Екінші – экологиялық апаты асқынған ауқымды аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Арал экологиялық апаты мен Семей полигоны экожүйеге, оны қоршай орналасқан аймақтардың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайына барынша теріс әсер етті. Біз Семей ядролық сынақ полигонын жаптық, іргелес аумақтардағы жағдайды жақсарту үшін кешенді ш…

0
0
203

«Nur Otan» маңғыстаулықтардың талап-тілектерін тыңдады

Штаб басшысы Е.Әбілов «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерімен бірге үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. «Шығыс 2» шағынауданының тұрғындары да нұротандықтарды жылы лебізбен қабылдап, шағынаудан бойынша бүгінге дейін жасалған жұмыстарға алғысын жеткізді. Аталмыш шағынаудан тұрғыны өзін Серік Жаңбырбаев деп таныстырған мұнайшы азамат партия құрамында 2014 жылдан бастап мүше екенін жеткізіп, үйме-үй кіріп насихат жұмыстарын жүргізіліп жатқанына ризашылығын білдірді. Бұл іс-шара ел халқын партияның елімізді өркендету жолында жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, толық…

0
0
139

ҚР Мәжіліс​ депутатына үміткер Самат Базарбайұлы Мусабаев​ тікелей эфир жүргізді.

Қабылдау барысында өңірдегі газ мәселесі, жастарды баспанамен,​ жұмыспен қамту әрі​ денсаулық мәселесі​ және де тағы басқа мәселелерге байланысты сұрақтар қойылды. Оған қоса партияның сайлауалды бағдарламасы туралы сөз қозғалды. Тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді.

0
0
186