Қуатты кәсіпкерлер
Отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шикізатпен толыққанды қамтамасыз етіледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады. Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе өседі. 10 ірі туристік кластерді дамыту есебінен ЖІӨ-дегі туризм үлесі 8%-ке дейін өседі. IT саласындағы деректерді өңдеу және сақтау бағытына инвестициялар 6 есе, яғни 500 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды, сонымен қатар 1000-нан астам жаңа IT-компаниялар құрылады. Жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл азаматтарына жалпы сомасы 250 млрд. теңгеге шағын несиелер беріледі. Жалпы алғанда, шағын және орта бизнес секторында жұмысп…