Перейти к содержимому
mangystau.nurotan.kz

Филиал Манг. области

@mangystau.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

747

пікірлер

0

тіркелуші

51

жазылымдар

7

Тұрақты және әлемге ашық Қазақстан

Ұлттық мүддені қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті нығайту және барлық елдермен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық орнату – сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары. Біз негізгі стратегиялық әріптестеріміз – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарымызды нығайтуды жалғастырамыз. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграция, ШЫҰ, БРИКС, ИКҰ елдерімен ынтымақтастықты дамыту жалғасын табады. Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне және трансұлттық қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрес мәселелеріне белсенді атсалысады. Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтардың, сондай-ақ ҚР асырап алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін…

0
0
149

Біртұтас ұлт

Біз қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту саясатын жалғастырамыз. Партия Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, азаматтық бірегейлікке, тамыры терең тарихымызды, ұлттық мәдениет пен рухани дәстүрлерді сақтау мен дамытуға негізделген қазақстандық патриотизмді дамытады. Әрбір адамның азаматтық жауапкершілігін күшейте отырып, этникалық, діни, нәсілдік, тілдік және гендерлік негіздегі кемсітушіліктің кез келген көрінісінің жолы кесіледі. Елбасы бағдарының сабақтастығын сақтай отырып, «Nur Otan» қоғамда, әсіресе оқушы жастар арасында, барлық азаматтардың бірін-бірі құрметтеу және теңдік құндылықтарын дамыту мен бекітуді жалғастырады. Біз проблемаларды ерте анықтау және олардың алдын алу үшін этносаралық саясатты сараптама тұрғысынан күшейтеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында жыл…

0
0
140

Жауапты азаматтық қоғам

Біз қоғамдық сараптама мен бақылау жүргізуді, азаматтық бастамалар мен онлайн-петицияларды дамытуды көздейтін «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдаймыз. Қайырымдылық туралы заң әзірленеді. Заңда оның тартымдылығы мен іске асуының ашықтығы қамтылады.Жауапты азаматтық қоғам – демократиялық дамудың және мемлекеттік басқару тиімділігінің негізгі факторы. Партиямыз «Жауапты азамат – Жауапты қоғам – Жауапты мемлекет» формуласы негізінде жалпыға бірдей жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынады. «Nur Otan» партиясы ел дамуының өзекті міндеттері мен мәселелерін шешуге азаматтық белсенділерді тартып, барынша жұмылдырады. Квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құрылатын болады. Оның құрамына азаматтар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар да тартылады. Біз еріктілер қозғалысын дамытуды қолдай…

0
0
182

Әділетті құқық қорғау жүйесі

Құқық қорғау органдары азаматтардың заңды мүдделеріне қызмет етуі қажет, халық үшін ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Полиция және прокуратура органдарында жұмыстың «сервистік» моделі енгізіледі. ІІМ, Бас прокуратураның аумақтық бөлімшелерінің басшылары халықпен ашық диалог құра отырып, жыл сайын есеп беру кездесулерін өткізеді. Құқық қорғау органдарының өкілеттіктері келесі қағидат бойынша нақты бөлінеді: полиция қылмыстарды анықтайды, прокурор тергеу шешімдерін қабылдайды және құқықтық баға береді, сот істі қарайды және түпкілікті шешім шығарады. Жергілікті полиция қызметінің жұмысында «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты енгізіледі. Учаскелік полицейлер өзіне тән емес функциялардан босатылады. Жалақыны арттыру, жергілікті полицияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсар…

0
0
160

Азаматтарға қызмет ететін мемлекет

Азаматтардың өмірін жақсартуға, заңның үстемдігін, мемлекеттің транспаренттілігі мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы – ұлт бірлігінің негізі. АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТ Біз азаматтар мен мемлекет арасында кері байланыс орната отырып, мемлекеттік аппаратты сапалы түрде трансформациялауды жалғастырамыз. Сайлауалды уәделерді тиімді іске асыру және мониторингілеу үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жалғасады, кері байланыстың онлайн құралдары кеңейеді, партиялықтармен өзара қарым-қатынастың жаңа заманауи форматтары енгізіледі. Партияның заңнамалық қызметі қазақстандықтардың өтініштерін жүйелі талдауға негізделеді. Елбасының 5 институционалдық реформасына және Президент Қ.К. Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұж…

0
0
171

Ауқатты ауылдар

Олардың еңбегінің арқасында Қазақстан қазіргі таңда өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуде және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып отыр. Біз ауылдың әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасаймыз. Ол үшін келесі шаралар іске асырылады: Стратегиялық инвесторлардың қатысуымен 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын қатыстыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер және қант) өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылады. Жалпы АӨК-те 380 инвестициялық жоба іске асырылады. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың жаңа формаларын әзірлейміз, жалпы алаңын 2,2 млн. гектарға дейін жеткізе отырып, 600 мың гектар жаңа суармалы жерді игереміз, қо…

0
0
142

Жайлы қалалар

Қалаларда «ескі кварталдарды» реновациялау, сондай-ақ тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі жұмыстар қолға алынады. Үлескерлік құрылыс бойынша барлық проблемалық тұрғын үйлер салынып бітеді. Біз жауапсыз құрылыс компанияларының үлескерлік құрылысқа қатысу мүмкіндігін шектейтін заңдарға түзетулер енгіземіз. Облыс орталықтары мен шағын қалаларда жыл сайын инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін шамамен 18 мыңға жуық жер телімі бөлінеді. Қалалық қызметтерді, көлік жұмысын жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін «Smart City» тұжырымдамасы іске асырылады. Барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. 53 тазарту құрылғысы салынып, жаңғыртылады, ағынды сулар 100% тазартылады, комму…

0
0
188

Тұрақты жұмыс орындары

Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту. Ол үшін келесі шаралар іске асырылады: Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында 700 мың адам жұмыспен қамтылады. Туризм саласында 170 мың жұмыс орны ашылады. Ауыл шаруашылығында шамамен 100 мың жаңа фермерлік және отбасылық шаруашылық құрылады. Бұл арқылы 500 мың адамға дейін жұмыспен қамтамасыз етіледі. IT-саласында жаңа компаниялар ашу есебінен 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, ішінара жұмыспен қамту cекілді жалдаудың жаңа формалары енгізіледі. «Бастау бизнес» жобасы аясында 5 жыл ішінде 150 мың адам оқытылады. 130 мың жұмыссыз азамат 5 жыл ішінде еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға оқытылады. Сондай-ақ жұмыс берушілер үміткерлерді…

0
0
160