Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Бусаханова, Р.Бердиева,
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Бусаханова, Р.Бердиева, С.Дүйсенбеков, Ж.Мұратбеков және Т.Ерманов бүгін сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Жыңғылды ауылына барды. Кездесу барысында кандидаттар ауыл тұрғындарын сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, алдағы болатын саяси науқанда жоғары белсенділік танытуды сұрады. Сайлау науқанында «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - деген ұранымызбен ел үшін күрделі кезеңде қоғамымыздың бас біріктіру керектігі айтылды. Өз кезегінде тұрғындар ауыл үшін жасалып жатқан игі бастамаларға риза екендіктерін айтып, партия жұмысына оң баға беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.