Перейти к содержимому
mangystau.mng.nurotan.kz

Мангистауский филиал

@mangystau.mng.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 17 қыркүйекКазахстан, Мангистау

Официальный филиал партии "Nur Otan" Мангистауского района Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

514

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

5

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездес

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырдым және алдағы сайлау науқанына шақырдым. Қымбат апай елдің жағдайын айта келе, ауылға жоғары білімді дәрігер керектігін, аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, болашақта ауыл әкімінің жергілікті жердің тумасы болғанын қалайтынын айтып өтіп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

0
0
174

Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ешманов Жолдасбек Жұмабекұлы "Жетібаймұнайгаз"

Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ешманов Жолдасбек Жұмабекұлы "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасы ұжымымен кездесті. Кездесуде кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алда келе жатқан саяси науқанға бір кісідей ат салысуға шақырды.

0
0
233

Ақшымырау ауылында "Есіктен есікке" акциясы аясында сенімді өкілдер қызу үгіт-насихат жұмыстарын

Ақшымырау ауылында "Есіктен есікке" акциясы аясында сенімді өкілдер қызу үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында ауыл тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламаның бағыттарымен таныстырды.

0
0
131

Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт - насихат науқаны аясында аудандық сайлауалды штабының мүшесі Нұрлыбаева Жанар Сайынқызы Жыңғылды ауылында болып, "Есіктен есікке" акциясын жүргізді.

Акция барысында Жанар Сайынқызы тұрғындарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

0
0
146

"Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері бүгінгі жұмыс жоспарына сәйкес

"Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері бүгінгі жұмыс жоспарына сәйкес "Казтрансгазаймақ" ұжымы мүшелерімен кездесті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова, Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов және штаб мүшелері Қ.Исаев, И.Серікбаев, Р.Дұрысбаев, Ж.Қуатбаева қатысып, партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырып, алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндады. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын айтты.

0
0
135

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов "Казтрансгазаймақ" ұжымымен кездесті. Жиында партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырылып, алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндалды. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысатындығын жеткізді.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Ерманов Талғат Қорғанбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелер:

Ұштаған, Онды ауылдарындағы газ мәселесі, аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің сұранысы бойынша екі араға жүретін автобусты ұйымдастыру және мал азығы, Шетпе-Жыңғылды тас жолын жөндеу жұмыстары жөнінде. Әр мәселенің оң шешімін табуға жұмыстар атқарылатын болады.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Бусаханова, Р.Бердиева

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Бусаханова, Р.Бердиева, С.Дүйсенбеков, Ж.Мұратбеков және Т.Ерманов бүгін сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Жыңғылды ауылына барды. Кездесу барысында кандидаттар ауыл тұрғындарын сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, алдағы болатын саяси науқанда жоғары белсенділік танытуды сұрады. Сайлау науқанында «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - деген ұранымызбен ел үшін күрделі кезеңде қоғамымыздың бас біріктіру керектігі айтылды. Өз кезегінде тұрғындар ауыл үшін жасалып жатқан игі бастамаларға риза екендіктерін айтып, партия жұмысына оң баға беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.

Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Шаухар Қойшығұл

Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Шаухар Қойшығұл Сайынұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда: жанармай бағасының жоғары болуы, жаз айларында жоғары ауылдарға келетін судың жетіспеушілігі сонымен қатар мал азығына көмек беру жөнінде сұрақтар қойылды. Бұл айтылған мәселелер «Nur Otan» партиясы Маңғыстау ауданы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА қарастырылған.

0
0
180