Мангистауский филиал
@mangystau.mng.nurotan.kz
Официальный филиал партии "Nur Otan" Мангистауского района Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
514
пікірлер
7
тіркелуші
11
жазылымдар
5
рейтинг
250
жазбалар
514
пікірлер
7
тіркелуші
11
жазылымдар
5
Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сәуле Бусаханова тікелей эфирде болды.
Бүгін Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сәуле Бусаханова тікелей эфирде болып, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттары мен таныстырды. Партияның өңірді дамыту дамыту бағдарламасында, халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын қамтитын маңызды мәселелерімен партияның қоғамдағы белсенділігі жөнінде айтты. Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Серікбаев Игісәт Бостанғалиұлы
Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Серікбаев Игісәт Бостанғалиұлы мен Байтүрғанова Жұлдыз Мықтыбайқызы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда: Қосбұлақ елді мекеніндегі жалпы орта мектеп құрылысын жылдамдату, Ащыбұлақ-Жаңаорпа-Орталық бағыттарына қоғамдық көліктерді көбейту, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, қылмыстың алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қосымша білім алу үшін ғимарат бөлдіру, аз қамтылған, көп балалы отбасы оқушыларын көмекпен (аяқ, киім, киім, ыстық тамақ, кеңсе тауарларымен, жолда тегін жүру т.б.) қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Бұл айтылған мәселелер «Nur Otan» партиясы Маңғыстау ауданы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА қарастырылған.
Маңғыстау ауд-қ мәслихат депутаттығына кандидат Серікбаев Игісәт Бостанғалиұлы
Ұштаған, Онды ауылдарындағы газ мәселесі, аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің сұранысы
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Ерманов Талғат Қорғанбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелер:
Ұштаған, Онды ауылдарындағы газ мәселесі, аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің сұранысы бойынша екі араға жүретін автобусты ұйымдастыру және мал азығы, Шетпе-Жыңғылды тас жолын жөндеу жұмыстары жөнінде. Әр мәселенің оң шешімін табуға жұмыстар атқарылатын болады.
Аудандық балалар өнер мектебінде кандидаттар аудан тұрғындарымен кездесті.
Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Тындырғанова Лаура Қобыландықызы
Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Тындырғанова Лаура Қобыландықызы мен Мұратбеков Жайық Қожабекұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда Тұщықұдық ауылындағы ауылішілік жол және қоқыс мәселесі, ауылға келетін ауыз су жөнінде сауалдар қойылса, Тындырғанова Лаура Қобыландықызының қоғамдық қабылдауында көп балалы аналарға көмек беру, ауылдық жерлерде қызмет ететін жастарды қолдау, ауданда кәсіпкерлікке қолдау көрсету, дәрі-дәрмек қоры мәселелері көтерілді. Бұл айтылған мәселелер «Nur Otan» партиясы Маңғыстау ауданы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА қарастырылған.
Жармыш ауылында "Есіктен есікке" акциясы аясында Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Бүгін Жармыш ауылында "Есіктен есікке" акциясы аясында Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Е.Жаулыбаевтың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында ауыл тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламаның бағыттарымен таныстырды.
Сайөтес ауылында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкіл
Бүгін Сайөтес ауылында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ж.Ешманов және аудандық сайлауалды штабтың мүшесі М.Тұрсынбаев ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар ауылға қатысты түрлі мәселелерді қозғап, ой пікірлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, газ мәселесі көтерілді, сондай-ақ ауылдық мәдениет үйінің кішкентайлығы сөз болып, ауылға мәдеиет үйін салу сайлауалды бағдарламаға енгізілгендігін қаперге берді. Сонымен қатар, кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларын басты бағыттары туралы айтылып, сайлауға бірауыздан белсенділікпен қатысуға шақырды.
Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Жыңғылды ауылына барды.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Бусаханова, Р.Бердиева, С.Дүйсенбеков, Ж.Мұратбеков және Т.Ерманов бүгін сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Жыңғылды ауылына барды. Кездесу барысында кандидаттар ауыл тұрғындарын сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, алдағы болатын саяси науқанда жоғары белсенділік танытуды сұрады. Сайлау науқанында «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - деген ұранымызбен ел үшін күрделі кезеңде қоғамымыздың бас біріктіру керектігі айтылды. Өз кезегінде тұрғындар ауыл үшін жасалып жатқан игі бастамаларға риза екендіктерін айтып, партия жұмысына оң баға беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.