Мангистауский филиал
@mangystau.mng.nurotan.kz
Официальный филиал партии "Nur Otan" Мангистауского района Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
514
пікірлер
7
тіркелуші
11
жазылымдар
5
рейтинг
250
жазбалар
514
пікірлер
7
тіркелуші
11
жазылымдар
5
"Jas Otan"ЖҚ-ның ауыл жастарымен бірлескен"Жастар-ауыл тазалығы үшін" тақырыбында ZOOM форматында
"Jas Otan" ЖҚ-ның ауыл жастарымен бірлескен "Жастар-ауыл тазалығы үшін" тақырыбында ZOOM форматында онлайн кездесуі өтті. Кездесуде жастар ауылдың тазалығы, демалыс орындарындағы тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол бермеу сияқты өз ойларын ортаға салып, басты міндет-ауылдың тазалығына үлес қосу, оны тап-тұйнақтай етіп ұстап, ауылдың көркеюіне, көгалдануына бір кісідей ат салысатындарын жеткізді.
XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, батыс аймағындағы әйгілі Абыл,Нұрым бастаған
XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, Қазақстанның батыс аймағындағы әйгілі Абыл, Нұрым бастаған ақындық мектептің белді өкілі, әйгілі ақын, айтулы жырау Ақтан Керейұлының туғанына биыл 170 жыл толды. Мерейлі датаға орай аудан жастары арасында ақынның шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында челлендж өтті. Ақтан Керейұлының өмір мәні, ақыл-нақылдық бағыттағы, тұрмыс-салт және адамгершілік пен адалдық тақырыбын жырына арқау қылған және оның терме толғауларын ұрпақ санасына сіңіру біздің ортақ міндетіміз. Челленджге ақын шығармашылығын домбыраның күмбірлеген күйімен халық назарына ұсынып жүрген аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары мен мұғалімдері жоғары белсенділікпен қатысты. Аудандық балалар өнер мектебінің оқушысы Айжұлдыз Жұмағұлованың орындауында Ақтанның…
Аудандық балалар өнер мектебінің оқушысы Айжұлдыз Жұмағалиева бастаған челленджді өнер мектебі
Аудандық балалар өнер мектебінің оқушысы Айжұлдыз Жұмағалиева бастаған челленджді өнер мектебі Тұщықұдық ауылы филиалының мұғалімі Жарас Ізғали қабыл алып, "Қалағандарың сөз болса" термесін орындады.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының депутаттық фракциясы мүшелері денсаулық сақтау
Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының депутаттық фракциясы мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен CVI-дің алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, аудандық мәслихат депуттары С.Қапашұлы, Т.Ерманов, А.Жұмалиев және аудандық орталық аурухананың директоры Ж.Нұрлыбаева және ақ халатты абзал жандар қатысты. Онлайн кездесуде аудандық аурухананың директоры Жанар Сайынқызы қазіргі кездегі аурухананың ахуалын баяндап, емдеу мекемесінің заманауи, жаңа құрылғылармен толығып жатқанын және ауруханада дәрі-дәрмек қорымен арнайы қорғаныш киімдерінің жеткілікті екенін, сондай-ақ CVI-ге байланысты аудандық аурухана жанынан құрылған мобильді бригада…
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы ғимаратында филиал төрағасының бірінші орынбасары
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы ғимаратында филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде қайтарымсыз несие беру жөнінде, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарастырылған көмекшілердің қызметтері жөнінде қойылған сауалдарға әлеуметтік қызметкер Шақпақова Айгүл Имамадиқызы және Маңғыстау аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы филиалының, кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері жауап берді.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020», «Жол картасы -2020»
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020», «Жол картасы -2020» бағдарламалары және ауылшаруашылық несиелендіру бағдарламалары шеңберінде микрокредиттеу механизмдері туралы «Ауылдағы жұмыспен қамту» акциясы өтті. Акцияға Маңғыстау аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы филиалының және Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары қатысып, тұрғындар аталған бағдарламалар бойынша кеңестер алды. Сондай-ақ, «БИЗНЕС БАСТАУ» және жұмыс жасайтындарға арналған "Бизнес мектеп" жобалары бойынша:Атамекен ҚР ҰКП-ның «БИЗНЕС Бастау» жобасынаNEET санатындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 жастан жоғары 63 жасқа дейінгі еңбекке жарамды мүгедектер қатыса алады.Бұл жоба арқылы алатын мүмкіндіктер:Кәсіп ашу;Бизнес-жоспарлау дағдыларын уйрену…
«Lectorium»жобасы аясында«Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті
Бүгін «Lectorium» жобасы аясында «Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның қаржы саласында қажырлы еңбек еткен ардагер Сұлтан Жұбаев және белсенді жастар қатысты. Шара барысында ардагер С.Жұбаев өзінің еңбек еткен жылдарынан естелік айта отырып, Маңғыстауымыздың өркендеуі, халықтың әл ауқатының жақсаруы туралы айтты. Тәуелсіздік алмай, алғашқы Президентіміз сайланбай тұрған уақыттағы қиыншылықтар мен бүгінгі ұрпақтың алаңсыз өмірі, тұғырлы тәуелсізідігімдің бізге берген жемісі туралы салыстыра отырып, мысалдармен жеткізді. Елбасымыздың өзге мемлекеттермен келісім жасай отырып, шекарамызды анықтауы, сындарлы саясаты, мән-маңызы зор бағдарламаларына әрқашан қолдау білдіріп, елімізді көркейте түсуге атсалысып, үлес қосуды үлкен абырой, мі…
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы
Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының бақылау тобы Шетпе селосындағы орталық кітапхана салу нысаны және Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы мен орталық алаңды абаттандыру жұмыстары бойынша рейд жүргізді. Желтоқсан айының аяғында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы мен орталық алаңды абаттандыру» жұмыстары да жүргізілуде. Абаттандыру жұмыстары ішінде келесі жұмыстар қамтылатын болады: ҰОС -на қатысқан батырларды мәңгі есте сақтау ескерткішін орнату, ту монументі аумағы мен жалауша орнату, балалар ойын алаңын салу, кіре беріс доғасын орнату, субұрқақ салу, әр түрлі іс-шаралар өткізуге арналған сахна орнату, орталық алаңға брусчатка төсеу. Б…