Сымақовтың 15 жылы

31 наурыз күні Самат Сымақов Қазақстан құрамасы сапындағы 65-матчын өткізді. Сымақов Қазақстан құрамасының жейдесін кигеніне дәл сол күні тұп-тура 15 жыл толды!
Ол 2000 жылдың 31 наурызында Азия кубогына іріктеу турнирі аясында Қатар астанасы Доһаның «Әл-Араби спортс клаб» стадионында Иордания құрамасына қарсы негізгі құрамда шықты. Дүниеге келгеніне 21 жыл, 3 ай, 23 күн өткен күн еді. Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен (Авдеев, 10) жеңіске жетті, Сымақов 56 минутта ескерту алды. Содан бергі 5475 күн бойы Қазақстан құрамасы десе, Саматтың есімі қатар аталып келеді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz








