Ғажайып аралға саяхат
Таңғы 5:30-да ұялы телефонның қоңырау сағаты жұбайыларды ұйқыларынан оятты. "Тағы 5 минут..." деген ой біріші келгенімен, күйеуінің: "Аэропортқа жетуіміз керек!!!" деген сөзі бұлардың бүгін сапарға ұшатынын есіне түсірді. Екеуі атып тұрып, ваннаға қарай жүгірді. Ол таңда шапшаң болмайтын. Мең-зең, шалаұйқы, күйеуіне таңғы асты да әзірлеуге шамасы жоқ еді. Қайта таңғы асты (сүтпен араластырылған жүгері қауыздарын) күйеуінен күтетін. Шайдан соң ұйқыларынан мүлдем оянған екеуі чемодандарын алып, тысқа шықты. Олар автобус аялдамасына қарай тартты. Бүгін аэропортқа автобуспен баруы бірінші рет еді. Осы автобустар таңғы 6-да жүре ме деген күмәндары да жоқ емес. Әйтеуір, Гуглдың айтуынша, 10 минутта келуі тиіс. Автобус та келді. Автобуста адамдар да бар екен, көбісі мексикандықтар. Олар мейрамха…