«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды 1 желтоқсан - «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл күн - барлық қазақстандықтардың Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалау мен шекарасын бекітуде және оны жер - жаһанға танытып, елімізді беделді әрі қуатты мемлекетке айналдырудағы Елбасының ерен еңбегін бағалай білу және саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету баршамыздың парызымыз.
Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, елімізге бірлік, халқымызға саулық тілейміз. Ел тарихындағы елеулі сәт –Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
