Мазмұнға өту
khabarkz

Агентство Хабар

@khabarkz

Сайтта 2010 ж. 3 қыркүйекКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

803

пікірлер

17

тіркелуші

109

жазылымдар

21

Азамат. Адамдар үлкен қалаларда неге жоғалады?

Алматы мен Астана сияқты үлкен қалаларда адамдар неге жоғалады? Жезөкшеліктің бар болуына кім кінәлі – құзырлы органдар ма әлде бұл тәлім-тәрбиеге байланысты мәселе ме? Адам басына қиын іс түскенде қандай сенім телефонына хабарласуға болады? Осының бәріне жауапты ұсынылып отырылған бейнематериалдан ала аласыз.

0
0
281

Азамат. Ассамблея жұмыс істеп жатыр ма?

Қазақ халқы Ассамблеясы атқарып жатқан жұмыстың нәтижесі қаншалықты көңіл толарлықтай? Бүгінгі күні еліміздегі ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде қандай жетістіктерге жетіп жатыр? Халық пікірі қандай? "Ел арна" телеарнасындағы "Азамат" бағдарламасының қысқа сюжетінде осы сұрақтарға жауап ізделеді.

0
1
263

Азамат. Қазақ тілінің болашағы қандай?

«Ел Арна» телеарнасындағы «Азамат» бағдарламасының қонақтары еліміздегі ұлтаралық қатынастардың болашағы туралы әңгіме етеді. Қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы орны қандай, болашағы не болады, осының бәрін келесі бейнематериалдан көруіңізге болады.

Бүгінгі қонақтар Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің деканы Ақтолқын Құлсариева, қоғам қайраткері Жанұзақ Әкім және «Түркия» қоғамы Тіл және мәдениет бөлімінің төрағасы Қазақбай Қасымов.

Берекелі дастархан. Тефтель-бризоль

Қашан да қонағына құшағы мен дастарханы ашық қазақ халқы дастарханды жоғары бағалаған. Әлем халықтары мен ұлттық тағамдардың мәзірін ұсынатын «Берекелі дастархан» бағдарламасының бүгінгі қонағы Айша апай тефтели мен бризоль әзірлеудің өзіндік құпиясымен бөліседі.

0
0
699

Сонымен, солай дейік... Латын қарпіне көшу-көшпеу туралы

Жүсіпбек Аймауытов «жүзден төрт-ақ адам хат танитын қазақтың көзін ашамыз деп жүргенде біржола жаңа қаріпке түсіп кетсек, сол төртеуін соқыр қылып алу қаупі бар екен» деген еді. Осы жолы «Сонымен, солай дейік...» бағдарламасы латын қарпіне көшу-көшпеу тақырыбының төңірегінде «Ақжол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов, ҚР ҰҒА академигі Мырзатай Серғалиев және студияның басқа да қонақтарымен бірге әңгіме қозғайды.

0
1
571

Туған күн

Көзі қарақты көрермен таңертеңгілік "Іске сәт" бағдарламасында жаңа айдар ашылғанын байқаған болу керек. Бұдан былай біз "Хабар" телеарнасында туған күн иелерін құттықтаймыз. Айта кетер жайт - тек қана әйгілі азаматтар емес, қарапайым көрермендерді де мереке күндерінде қуантатын боламыз. Ол үшін [email protected] не болмаса, осы блогқа хат жолдап, аталған күні сағат 7-ден 10-ға дейін жанұяңызбен теледидар алдында жиналып, бір марқайып қалмайсыз ба?!

Сен туған күн - мерекеміз,
Ән бастайық, кел екеуіміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн!

Жан жолдас, туысыңыздың туған күні есінде ұзақ уақытқа сақталып, арайланып атқан таңы көтеріңкі көңіл күй сыйласын десеңіз, бізге ХАБАРласыңыз!

Іске сәт!

0
5
1034