Мазмұнға өту
khabarkz

Агентство Хабар

@khabarkz

Сайтта 2010 ж. 3 қыркүйекКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

803

пікірлер

17

тіркелуші

109

жазылымдар

21

Іске сәт! Құс етінің түрлері мен сапасы жайлы

Еліміз құс етінің өндірісі бойынша ТМД елдерінің арасында Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды иеленіп, өткен жылы 96 000 тонна өнім өндірген. Импортталатын өнім де аз емес. Тек 2010 жылы 120 000 тонна құс еті импортталған екен. Қазақстан халқы жыл ішінде шамамен 115-150 000 тонна аралығында құс етін тұтынады. Құс етінің түрлері мен сапасы жөнінде ұсынылып отырған бейнематериалдан біле аласыз.

0
0
714

ІСКЕ СӘТ! "Астана" халықаралық экшн-фильмдер фестивалі

Әлемге әйгілі продюсер және режиссер Тимур Бекмамбетов биылғы Астана күніне орай қазақстандықтарға тағы бір киномерекені сыйлады. Фестиваль барысында астаналық көрермен жиырмадан аса дүниежүзілік фильммен танысты.

0
0
204

ІСКЕ СӘТ! Тойды сәнді өткізу сырлары

Жазды екі жастың отау құрып, олардың үйлену тойы өтетін негізгі маусым деуге болады. Бүгінгі қалыңдық киімі грек қыздарының талғамынан басталған. Қазіргі кезде көп жағдайда ақ түсті болып келетін қалыңдықтың той киімі Еуропада 16-17 ғасырларда көгілдір және ашық-қызыл түстер сәнді болған екен. Жастар заман ағымына сай сан алуан сән үлгілерін пайдаланады. Қазақ жастары арасында көйлек таңдауда қандай бағыттар ең үлкен сұранысқа ие? Тойға қатысты сән әлемінде болып жатқан жаңалықтар жайлы келесі сюжеттен біле аласыз.

0
0
253

ТУҒАН ӨЛКЕ. Досхан Жолжақсынов

Танымал театр және кино актеры, жуырда экранда Біржан сал рөлін сомдаған талантты ағамыз Досхан Жолжақсыновпен бірге оның туып өскен өлкесіне телесаяхат жасайық.

Досхан Жолжақсынов - Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi, 1951 жылы дүниеге келген, кинодағы ұзақ жолын 1975 жылы бастаған. Жуырда тұңғыш режиссерлік дебюті орын алып, өзі басты рөлді сомдаған "Біржан сал" драмасы талантты ағамыздың қолынан шыққан алғашқы режиссерлік туынды болды. 350-ге жуық киiз үй тiгiлiп, 300-ге тарта ауыл тұрғындары тартылған кино жайлы "Бұл фильм менiң Досхан ретiнде қалыптасқан болмысымның жиынтығы iспеттi" дейді Досхан ағаның өзі.

0
0
807

Азамат. Журналистердің құқығы қорғалған ба?

Қазақстан әлемде сөз бостандығы бойынша 15 сатыға төмен түсiп 142-ші орынға табан тiредi. Ал танымал журналистер елiмiздегi шынайы сөз бостандығын қалай бағалайды? Дина Төлепбергенді астарлы ақиқатты айтқаны үшiн кім сотқа берді?

0
0
382

Зіл-Әзіл. Баугүл апай

Егер де сіз бақыт іздеп, болашағыңызды білгіңіз келіп, жоғалтқан затыңызды тапқыңыз келсе, Баугүл апайға жолықпаңыз... себебі оның үстіне сіз ақшаңызды да жоғалтасыз.

0
0
140